Грекия үкіметінің жаңа құрамы жасақталды

Министрлердің көбісі өз орындарын сақтап қалған. Яннис Драгасакис вице-премьер болып қайта тағайындалды. Дей тұрменмен, жаңа үкіметте өзгерістер де жоқ емес. Мәселен, Премьер кейбір министрліктерді қайта құрып, олардың атауын өзгерткен. Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте Эллада елінде кезектен тыс парламенттік сайлау өткен болатын. Саяси додада Алексис Ципрастың СИРИЗА партиясы жеңіске жетті.