Бейсенбіден жұмаға қараған түні болған шеруге 400-дей адам қатысқан. Наразы топты басу үшін оқиға орнына полиция тартылды. Алайда іс насырға шауып, ереуілшілер жарылғыш шөлмектер лақтырып, бірнеше дүкен мен көлікті, сондай-ақ, көшеде тұрған қоқыс жәшіктеріне дейін өртеп жіберген. Жалпы, бұл наразылық шеруіне үкіметтің Еуроодақпен несиелік бағдарламасын ұзарта түсуі себеп болып отыр. Бұл - жаңа жылдан бастап билікке келген солшыл партиялар коалициясына қарсы өткен алғашқы шара.
Loading...