Грекияда ереуілшілер полициямен қақтығысты

Биліктегі Сириза  партиясының өкілдері Ципрасты сайлау алдында берген уәдесінен тайды деп отыр. Үкіметке келер алдында бұл саяси одақ гректерге жалақы, әлеуметтік төлемдер қысқармайды, зейнет жасы ұзармайды, ешқандай таршылық болмайды деп талай нәрсені уәде еткен. Бірақ мұның бәрінен Брюссельдегі саммитте бас тартуға тура келді. Еуроодақтың қатаң талаптарымен келіскен соң ғана Ципрас Үкіметі 86 млрд доллар қосымша көмек алуға қол жеткізіп отыр. Бұған келіспеген тұрғындардың алды наразылықтарын ашық білдіре бастады. Афина көшелеріне шыққан ереуілшілер полициямен қақтығысып, көшедегі кейбір нысандарға отқа қойған. Наразы топқа тқарсы тәртіп сақшылары күш қолдануға дейін барды. 

Loading...