Ант қабылдаудың салтанатты рәсімі президент сарайында өткен. Бұған дейін ол сыртқы істер министрінің халықаралық экономикалық сұрақтар жөніндегі бірінші орынбасары болған еді. Сонымен қатар Цакалотос соңғы уақытта несие берушілер «үштігімен» келіссөздер жүргізетін топты да басқарып келген. Еске сала кетейік, Грекияда жексенбіде өткен референдум қорытындысы жариялана салысымен, елдің қаржы министрі Янис Варуфакис отставкаға кетті. Экс-министр бұл шешімді биліктің несие берушілермен келіссөздер жүргізуін жеңілдету үшін қабылдағанын айтқан болатын, - деп хабарлайды
http://24.kz/.