Грекиядағы референдумның алдын ала мәліметтері: 61%-дан астам сайлаушылар «жоқ» деді


сайлаушылардың 61,24%-ы несие берушілер талаптарына «жоқ» деді, 38,76%-ы «иә» деп жауап қайтарды, деп хабарлады РИА Новости.

Алдын ала мәліметтер бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 60,01%-ы қатысқан. Жарамсыз бюллетендердің және дауыс беруде қалыс қалғандардың саны 5,7%-ды құрады.

Референдум қорытындыларын шығаруда жарамды бюллетеньдер ғана есепке алынады.

Министрлер кабинеті халықтың «жоқ» дейтініне үміт артты. Оппозиция әңгіме Грекияның еуропалық келешегі жөнінде болып отырғанын мәлімдеп, сондықтан да келісімге «иә» деп дауыс беруге шақырды.

Грек референдумына бүкіл әлемнің назары ауып отыр, өйткені оның түпкілікті қорытындылары көп жағдайда Еуропаның алдағы саяси және экономикалық дамуын белгілейді және бүкіл әлемдік экономикаға әсер етеді.