Грек-рим күресі: А. Құдайбергенов пен Д. Баяхметов - Баку турнирінің қола жүлдегерлері


Бұл салмақта финалда жапондық Кохи Касегаваны жеңген венгр Петер Модос чемпион атанған. Ал, Д. Баяхметов болса кіші финалда хорватиялық қарсыласынан басым түскен. Бұл салмақта әзірбайжандық Виталий Рагимов чемпион атанса, күміс жүлде оның жерлесі Рустам Алиевке бұйырды. 60 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Алмат Кебісбаев қола жүлде болған үшін белдесуде норвегиялық палуаннан ұтылып қалды. Тағы бір жерлесіміз Андрей Самохин кіші финалда ресейлік Олег Шокаловқа есе жіберіп, қола жүлдеден құр қалды.