Грек-рим күресінен әлем кубогында Қазақстанның қарсыластары анықталды

Мамырдың 15-16 күндері Иран астанасы Тегеранда грек-рим күресінен ұлттық құрамалар арасында әлем кубогы өтеді.

Жақында ғана Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алған Қазақстан құрамасы бұл сынға да қатысады.

Біздің жігіттер Венгрия, АҚШ, Ресей, Түркия, Ресей балуандарымен бір топқа түсті. Екінші топта - Иран, Армения, Әзірбайжан, Финляндия. Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Әр топтан бірінші орын алған құрама алтынға, екінші орын алғандары қолаға таласады.

Қазақстан Тегеранда өткен былтырғы әлем кубогында бесінші орын алған. Сол сында финалда Ресей Иранды ұтып, жеңіске жеткен. Түркия қола медаль алған еді.


Жалпы, Қазақстан грек-рим құрамасы әлем кубогы тарихында бір рет финалға шыққан. 2003 жылы Алматыда өткен әлем кубогында біздің құрама финалда Ресейге ұтылған, есеп - 3:4.