Грек-рим күресінен Иван Поддубныйды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

Онда ел намысын өскемендік М.Жарболов пен Б.Жарболов, қызылжарлық Ж. Қабдолов, қарағандылық А.Самехин мен Е. Ысқақов қорғайды. Ұлттық құрама сапынан тыс қалған бұл спортшылардың ішінде ең тәжірибелісі 84 келі салмақта 2009 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған Андрей Самохин.

Жалпы, бұл дүбірлі додада бақ сынайтын спортшыларының тізімін қазіргі таңда АҚШ пен Украина жариялап отыр. АҚШ құрамасында Әлем чемпионы Дремайл Байерс (2002), Әлем чемпионатының қола жүлдегерлерлері Джастин Лестер (2006, 2007), Джастин Руис (2005), ал Украина құрамасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Дмитрий Тимченко ( 2005), 2 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Александр Чернецкий (2006) бар.