Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы бәсекеден жалпыкомандалық бірінші орынмен оралды

Бұл туралы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан мәлім етті.

Қазақстандық грек-римшілер Таңат Сағындықовтың басшылығымен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар жеті салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста 2 алтын, 4 қола медаль олжалады. Атап айтқанда, Алмат Кебіспаев (60 кг) пен Досжан Қартайықов (74 кг) алтынмен апталып, Нұрсұлтан Қалмырзаев (55 кг), Ербол Қоңыратов (66 кг), Даниял Гаджиев (84 кг), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) күміспен күптелді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 38 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Үздік үштікке олардан басқа 20 ұпаймен Қытай, 17 ұпаймен Литва құрамалары енді.