Бүгін, 12-қазанда таратылған Г.Марченконың мәлімдемесінде атап көрсетілгеніндей, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның "жеке өтінішін қабыл алып, бұған дейін келісілгендей, өз көмекшісін қызметтен босатты". Осымен бір уақытта Г.Марченко мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Г.Марченконың болашақ жоспары туралы мәлімдемесіне жүгінсек, ол "Қазақстанның қаржы жүйесі саласындағы жұмысқа қайта оралып, Қазақстан мен аймақтағы басқа да елдердің қаржы рыноктарының барлық сегментерінде жұмыс істей алатын ірі қаржылық институтты құру және оны дамыту үшін шетелдік инвесторлармен және потенциалдық әріптестермен консультациялар өткізбекші".
Сондай-ақ, Г.Марченконың мәлімдеуінше, "саяси іс-қызметпен айналыспайды, саяси партияға мүшелікке өтпейді, шетелге кетпейді, жеке газетіне немесе қайырымдылық қорға құрылтайшылық жасамайды".