Грозныйда балалар жекпе-жегін ұйымдастырғандар Емельяненкоға жауап берді

"Бұл жекпе-жектер, қайталап айтайын, ММА-ды бізде танымал ету мақсатында көрнекті сипатты өткізілді. Бұл спаррингтер туралы жақсы пікірлер айтылды. Бірақ бұл Федор Емельяненкоға ұнамай қалыпты. Ол біздің жекпе-жектен өткізілген турнирлерімізге баға беретіндей кім? Мүмкін оның қызғанышы оянып жатқан болар? Өйткені Grand-Prix Akhmat 2016 Final ресейлік ММА тарихындағы ең үздік турнир деп танылды, ал оны болса мұнда шақырған жоқ", - деп жазыпты Висмурадов өзінің Instagram парақшасында.

Сейсенбі күні Грозныйда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлдары қатысқан аралас жекпе-жектен турнир өткен. Бұл жайт түрлі пікірлер туындатты, ал ресейлік ММА одағының президенті, төрт дүркін әлем чемпионы Федор Емельяненко бұл жарыстарды сынап тастаған болатын.


Емельяненконың айтуынша, жекпе-жектер көрнектілік сипатта болады деп өтінім берілгенін, алайда, іс жүзіне келгенде көрермендер шынайы төбелес көрді. Жарыс та ересек кәсіпқойларға арналған ережелермен өткізілген. Сонымен қатар, Емельяненко бұл турнирді "Матч!Боец" арнасы тікелей эфирде көрсеткеніне таңданысын білдірген. "Ересектермен бір деңгейде жекпе-жек өткізу балалардың денсаулығына ауыр зардап келтіруі мүмкін, бұл кейінгі жарысқа қатыспау ғана емес, физикалық денсаулығына, психикасына да зиян келтіреді",- деді Федор Емельяненко.