Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында елші: "президентпен кездесу барысында біз екі жақты қарым -қатынасқа, экономикаға қатысты мәселелер туралы талқыладық",- деп атап көрсетті.
"Қазақстан мен Грузияның экономикалық мүддесі бір жерде тоғысатын тұстар жоқ емес, бірінші кезекте бұл - мұнай тасымалдау саласында",- деді З.Шургаия. Екі ел темір жол және әуе қатынасын орнатудан, жүк айналымы көлемін арттырудан, теңіз айлақтарының әлеуетін арттырудан мүдделі, деді елші.
Ол сонымен бірге "Қазақстан мен Грузия өзара ынтымақтастықтың жаңаша деңгейіне көтерілді" деп атап көрсетті.