"Біз Грузиядағы ахуалдың даму барысын жіті қадағалап отырмыз. Сол себепті алаңдаушылыққа ешбір себеп жоқ. Шиеленіс бейбіт жолмен реттеледі деп сенеміз. Оның үстіне Оңтүстік Осетия Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры бойынша құрылыс жұмыстары дәлізінен шалғайда орналасқандықтан, құрылыс жұмыстарының барысына қандайбір әсер болады деп ойламаймыз",- деді Д.Вудворд.
Дейтұрғанмен, BP-Azerbaijan компаниясының президенті "қандай жағдайда да ахуалға кері әсер ету ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды",- деп атап көрсетті.
Ал Грузия қорғаныс министрі Георгий Барамидзеге сілтеме жасай отырып Грузиялық БАҚ-тардың хабарлауынша, Грузия президенті Оңтүстік Осетиямен арада соғыс бастала қалған жағдайға қажетті бұйрықтарды беріп те қойған. Министрдің айтуынша, Грузия қарулы күштері жоғары жауынгерлік дайындық жағдайына көшірілді, ендігі жерде олар ахуалға қарай қимылдайтын болады. "Біз кез-келген күштермен белдесуге дайынбыз, шегінерге жер жоқ",- деп мәлімдеді Г.Барамидзе. Оның хабарлауынша, қазір шиеленіс аймағында Грузиялық ауылдарды қорғауға қажетті әскери бөлімшелер сақадай-сай тұр.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 249 шақырымы Грузия, 1070 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қуаты жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары 2005-жылдың 1-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжан мұнайы тиелген алғашқы танкер Түркиядағы Жейхан айлағынан 2005-жылдың екінші жартысында жолға шығады.