Тараптар екіжақты экономикалық және сауда қарым-қатынастар мәселелерін талқылады.
Қазақстан елшісінің мәлімдеуінше, Грузия біртіндеп еуропа стандарттарына жақындай түсуде.
«Грузия халқын президент сайлауының демократиялық түрде өтуімен құттықтаймын. Бұл құттықтауға тұрарлық оқиға. Біздің президент Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы болып Георгий Маргвелашвилиді сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Грузия біртіндеп еуропа стандарттарына жақындай түсуде, бұл өте маңызды. Оппозиция тарапынан ешқандай қарсылықтар жоқ. Халықаралық ұйымдар сайлаудың демократиялық түрде өткенін мойындады», - деді Е. Ертісбаев.
«Одан басқа, Георгий Маргвелашвили екеуміз Грузия мен Қазақстан арасындағы экономикалық, сауда және мәдени қарым-қатынастар мәселесін талқыладық. Бұның өзі екі елді жақындата түседі», - деп атап өтті кездесуден кейін елші.
Георгий Маргвелашвили өз тарапынан, ең бастысы, енді еліміздің еуропа отбасындағы өсуін тездету деп атап өтті.
«Кездесуде біз еліміздің үлкен жетістігі болып табылатын еуропа стандарттарына сай өткізілген демократиялық сайлау туралы әңгімелестік. Грузияда демократия нығая түскенін айттық. Осы саяси болмыс еліміз үшін қандай келешекті қамтамасыз ететінін топшыладық. Вильнюс саммитінен кейін еуроинтеграция тиімді әрі тез жүзеге асырылады», - деді Г.Маргвелашвили.