Грузия президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Сапар барысында М.Саакашвили Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және басқа да ресми өкілдермен кездеседі. Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мен аймақтық ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстаннан қуат көздерін тасымалдау және Қазақстанның ТРАСЕКА сынды ауқымды жобаларға атсалысуы мәселелерін талқылайды.

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, Грузия президенті Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты дамытуға айрықша маңыз береді.