Грузия президентінің орынтағына 6 үміткер бар

Оппозициялық "Новые правые" партиясының жетекшісі Давид Гамкрелидзе мен президенттің бұрынғы экономика жөніндегі кеңесшісі Гия Маисашвили басқалардан бұрын президенттік орынтаққа үміткер болатынын айтты.

Ал грузияның бірлескен оппозияциялық партиялардан бір үміткер ұсынылып отыр. Ол грузия парламентінің депутаты, кәсіпкер, GWS шарап жасау компаниясының іргесін қалаған, Тбилисидегі митингилерді ұйымдастырушылардың бірі -Леван Гачечиладзе.

Л. Гачечиладзе "Саакавшвили режиміне қарсы күресті жалғастырамын" деген ойын брифингте мәлімдеді. Президенттік үміткердің сөзіне қарағанда 2008 жылдың қаңтарында өтетін сайлау, бұл күрестің жалғасы болмақ.

Бірлескен оппозиядан ұсынылған үміткер сайлауда жеңіске жететін болса, премьер -министрдің орынтағына грузияның сыртқы істер министрі "Путь Грузии" партиясының жетекшісі Саломе Зурабишвили отырады деген болжам бар.

Грузияның келесі үміткері лейбористер партиясының жетекшісі Шалва Нателашвили. Соңғы уақытқа дейін аталған партия бірлескен оппозиция құрамында болған. Алайда, елдің бас прокуратурасы лейбористер жетекшісін ресейлік барлаушылармен байланысы бар және мемлекеттігі билікті құлату үшін төңкеріс ұйымдастыруда деген айып тағылғаннан кейін, бірлескен коалиция құрамынан шығып кетті.

Аптаның басында Ш.Нателашвилиге тағылған айыптар алынып тасталса да, ол отбасымен қауіпсіз жерді паналап , АҚШ -тан саяси баспана сұрап жүр.

Грузия президенттігіне тағы бір үміткер миллиардер Бадри Патаркацишвили. Грузия үкіметі Б. Патаркацишвилиге 7 қарашада Тбилисиде болған митингті қаржыландырып, мемлекеттік билікті күшпен құлату шараларын ұйымдастырушысы деген айып тағуда. Интерпол арқылы іздеу салынған ол енді сайлауға үміткер ретінде қатысатын жариялады.

Грузияның сайлау комиссиясы қарастырған шектеулері бойынша, грузияның кейбір оппозиция өкілдері сайлауға үміткер ретінде қатыса алмайды.

Заңға сәйкес президенттіктен үміткер 35 жастан төмен болмауы керек. Осыған байланысты Саакашвилидің негізгі бәсекелесі болып саналатын "За единую Грузию" саяси партиясының жетекшісі, Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили сайлауға қатыспайды.

Грузияның экс-министрінің рейтингісі мемлекет басшысы мен биліктегілердің сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанын және тапсырыспен кісі өлтіру қылмыстары жасалғанын жариялағаннан кейін көтеріліп кеткен. Бірнеше күннен кейін оған өз құзырын асыра пайдаланып, мемлекеттік мүлікті аса ірі көлемде ұрлаған деген айып тағылып, түрмеге тоғытылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті