Грузия Қазақстанның қуат көздеріне қызығушылық танытты

Сонымен бірге екі жақ та "Қазақстанның Грузияға инвестиция жұмсауынан, өзара мәдени алмастықтар мен мамандар алмасудан мүдделі".

Н.Назарбаевтың айтуынша, кездесу барысында "халықаралық саясат, соның ішінде ТМД аясындағы саясат төңірегінде" пікір алмасылды. "Екі жақтың ұстанымы негізінен бір арнада тоғысады",- деді Елбасы. "Грузия - халықаралық істер бойынша Қазақстанның әріптесі, екі мемлекет те лаңкестікпен және экстремизммен күресуде, жүргізіп отырған саясаты да ұқсас",- деді Н.Назарбаев.