Грузия Сергей Безруков театрының гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады

«Грузияның Мәдениет палатасы Ресей халық әртістерінің Қырым мәселесінде президент Владимир Путинді қолдайтыны туралы хатына байланысты Сергей Безруков театрының мамыр айында Тбилисиге жоспарлаған гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген палата хабарламасында.

«Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынымызды білдіргіміз келеді», - делінген құжатта.