Грузия үкімет басшысы Қазақстанға келмекші

Елшінің айтуынша, сапар "Қазақстан және Грузия мемлекет басшыларының сапарлары барысында қол жектізілген келісімдерді нақты жүзеге асыру жолдарын анықтауға арналады".

СІМ өкілі сонымен бірге 16-18-қарашада Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығына қатысты ережелерді дайындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті жиналысы өтетінін хабарлады.
16-қарашада Астанада Қазақстан мен Еуропалық Одақтың әділеттілік және құқық пен тәртіп жөніндегі ішкі комитетінің ІҮ отырысы, ал 17-18-қарашада Елордасында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың сауда, инвестиция, энергетика және транспорт жөніндегі ішкі комитетінің ҮІІ отырысы өтеді.