Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, екі күндік сапары барысында Грузия үкімет басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер жүргізеді. Олардың барысында екі мемлекет басшысының бұған дейінгі кездесулеріндегі уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру жолдары айқындалады.
Атап айтсақ, бүгін З.Ногаидели мен республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бетпе-бет жүздеседі. Сенбіде екі ел үкімет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Сонымен бірге З.Ногаидели ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен және "ҚазМұнайГаз" ҰҚ президенті Ұзақбай Қарабалинмен кездеседі деп күтілуде.
Зураб Ногаидели мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин 19-қарашада Астанадағы кездесуде жылу-энергетикалық кешенді дамыту мәселелерін талқылайды.