Грузия үкімет басшысының қайтыс болуына байланысты Астанада азалы кітап ашылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, азалы кітап Грузия елшілігінің ғимаратында ашылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, З.Жвания 3-ақпанда мезгілсіз өмірден озды. Ресми жорамал бойынша, бұл кездейсоқ қайғылы оқиға болмақ. Үкімет басшысы көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.