Грузия жастары әскерге шақырылмайтын болды

Грузияның қорғаныс министрі Тина Хидашели  жылдағы дәстүрлі баяндамасында «міндетті әскери борышын өтеуге шақыру» туралы бұйрықты жою туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz сайты РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Хидашелидің айтуынша заң шығарушы орган тиісті заң қабылдай алмаған. Бірақ, министр өзі шешім шығаруға және жеке қаулысын жариялауға мүмкіндік беретін амал тауыпты.

«Мен дәл сіздердің алдарыңызда міндетті әскери борышын өтеуге шақыруды жоятын жарлыққа қол қоямын және  ол күшіне енеді»,- деп мәлімдеді Хидашели.


Бұған дейін министр аталған жарлық 2017 жылы күшіне енуі мүмкін деп болжаған еді.