"Зертханалық сынақ нәтижесі маймыл шешегінің вирусын растады. Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан, тиісті емнен кейін үйіне шығарылды", - деп хабарлады министрлік.
Министрлік хабарлауынша науқас Еуропаға саяхаттаған. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар ьақылауға алынды. Алайда олардың бірде-біреуінен ауру белгілері байқалған жоқ.