Грузияда қаралы күн жарияланды

"Өкінішке орай, адамдар опат болды. Бұл үлкен қасірет. Қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Грузия үкіметінің 15 маусым күнін қаралы күн деп жариялау туралы өкімі шықты», - деді Гарибашвили.

Қазіргі сәтте 12 адамның ажал құшқаны мәлім, ондаған отбасылар үйсіз-күйсіз қалды, деп хабарлады Интерфакс.


Осыған дейін хабарлағанымыздай, бірнеше сағат толастамаған нөсер жауын Грузия астанасы Тбилиси қаласының бірнеше аудандарын су басуға әкеп соқты. Аулаларды, бірінші қабаттарды, жерасты өткелдерін, жүздеген үйлердің жер төлелерін су басты.