Грузияда ресми түрде сайлау науқанына дайындық басталды

Грузияда мерзімінен бұрын 2008 жылдың 5 қаңтарында президенттік сайлауды өткізу туралы қаулысы Грузия парламентінің жексенбі күні өткен кезектен тыс отырысында қабылданды. Сайлауға қатысатын Грузия президенті Михаил Саакашвили 25 қарашада отставкаға кеткеннен кейін, ел конституциясына сәйкес парламент төрайымы Нино Бурджунадзе президенттің міндетін атқаратын болды.

Президенттіктен үміткерлерді тіркеу жұмысын Грузияның орталық сайлау комиссиясы 26 қарашада бастап кеткен. 10 күннің арасында партиялар ұсынып отырған кандидатты қолдайтын 50 мың қол жинауы шарт. Ел президенттігіне үміткерлердің 12 желтоқсанда ресми түрде хабарланады.

Грузияның ОСК агенттік тілшісіне хабарлағанындай, 50 мың қолды жинау үшін берілетін бланктерді алуға бірнеше арыз келіп түсті. Белгілі болғанындай, М. Саакашвилиді қолдап отырған "Ортақ ұлттық қозғалыс партиясынан" басқа, президенттік сайлауға жеті партия мен ынталы топ қатысады. Лейбористер партиясы Шалва Нателашвили, "Новые правые" - Давида Гамкрелидзені, "Болашақ Партиясы" - Гия Маисашвилиді, Коммунистік партиясы - Иване Циклауриді ұсынып отыр.

Грузияның ОСК күн ортасында, грузиялық билік өкілдері мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылған, грузиялық бизнесмен Бадри Патаркацишвилиден арыз келіп түсті. Б. Патаркацишвилидің өзі Ұлыбританияда жүр. Бизнесменнің аразын Грузияның марқұм премьер-министрі Зураб Жванияның ағасы Георгий Жвания мен Грузияның парламент депутаты Валерий Гелбахиани тапсырды.

Түстен кейін біріккен оппозицияның 10 партиясы президенттікке үміткерлік болып отырған, өзінің жетекшісі Леван Гачечиладзенің атынан арызын тапсырады.

Ресми сайлау науқаны 26 қарашада басталғанымен, кейбір саяси партиялар өздерінің үгіт-насихат бағдарламасын бастап кетті. 23 қарашада басқарып отырған "ортақ ұлттық партиясы" өзінің съезін өткізді. Оған грузияның 15 мың делегаты қатысты. Съезде партияның билік тұтқасын ұстаған кезеңінде қол жеткізген жетістіктері және болашақ жоспарлары талқыланды.

Ал грузиялық оппозиция сайлау компаниясын Тбилиси орталығында бірнеше мың адам қатысқан митингтен бастады. Бұл 7 қарашада қуғындалған минингтен кейінгі бірінші үлкен акция. Митингіге 30 мыңнан астам адам қатысты. Акцияның өтуі барысында оппозицияның бірлескен партияларының жетекшілері Грузия билік өкілдеріне сайлау компаниясының салмақты тең-дәрежеде өтуі үшін бірқатар талаптарын алдыға тартты.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Давид Усупашвили журналистерге берген сұхбатында БАҚ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етілу керек деген ойын жеткізді.

"Біз "Имеди" телекомпаниясының жұмысын қайта қалпына келтіріп, грузиялық БАҚ қысымшылық жасауды тоқтатып, журналистерге өз жұмысын еркін атқаруына мүмкіндік беруді талап етеміз ", - деп мәлімдеді Д. Усупашвили.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 7 қарашада грузиялық "Имеди" телеарнасы, үкімет тарапынан мемлекеттік төңкеріс жасауға оппозицияға қолғабыс көрсетуде деген айып тағылып, арнайы әскери отрядтардың қатысуымен жұмыстары тоқталды. Студия, техникалық құрал-жабдықтар талқандалды. Кейін, Тбилисидің қалалық сот шешімімен телеарнаның лицензиясы тартып алынды. Компанияның құрылтайшысы бизнесмен Бадри Патаркацишвили. Ол қазанның аяғында арнаның акцияларын News Corporation корпорациясының басқаруына берген-ді.

Бұдан бұрын айтылғанындай, телеарна өзінің эфирін жарты жылдан кейін ғана қалпына келтіруі мүмкін деген ақпарат таратылған. Алайда, агенттік тілшісіне сұхбат берген арнаның бас директоры Бидзин Бараташвилидің сөздері бойынша, жақын арада телеарна басшылығы мен Грузияның билік өкілдері арасында, телеарнаның жұмысын қайта жандандыру туралы келіссөздер өтеді. Телеарна сайлау науқанын шынайы көрсете алатын жағдайға ие болатын түрі бар.

"Эфирге қашан шығатынымыз белгісіз, әзірге біздердің биліктегілермен кездесуіміз болған жоқ. Алайда, кездесу дайындалуда, сонда ғана бір шешім қабылданатынына сенемін ", - деді Б. Бараташвили.

Билік өкілдерінің "Имеди" телеарнасына оппозициялық көзқарастарының барына байланысты айып тағылуын Б. Бараташвили жоққа шығарып отыр.

"Биліктегілер біздің қойған сауалдарымыздан қашқақтап, эфирден аластады. Ал оппозиция өкілдері керісінше, біздің барлық сауалдарымызға жауап беруге тырысып бақты. "Имеди" - шындықты айтатын арна, ал ол біреуге ұнай ма немесе көңілінен шықпай ма ол басқа сауал ", - деді Б. Бараташвили.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті