Э.Джонстың айтуынша, аталмыш мұнай құбырын салу жөніндегі жобаны әзірлеу және халықаралық келісімдерге қол қою барысында Кавказ аймағындағы саяси ахуалдың шиеленісу мүмкіндігі ескерілген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP - 30,1%, ГНКАР - 25%, Unocal - 8,90%, Statoil - 8,71%, TPAO - 6,53%, ENI - 5%, Itochu - 3,40%, ConocoPhillips - 2,50%, INPEX - 2,5%, TotalFinaElf - 5% және Amerada Hess - 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын салу жұмыстарының мердігері Грецияның Consolidated Contractors International компаниясы, ал Грузиялық учаскесін салушы Spie Capag/Petrofag компаниясы болып табылады. Соңғысы екі ел аумағында да насос станцияларын салушы мердігерге саналады. Ал мұнай құбырының Түркиялық бөлігін осы елдің BOTAS компаниясы салады.