Маңғыстау облысының кәсіпкерлер мен кәсіпорындар департаменті директоры Дүйсен Әділханов атап өткеніндей, мұндай кездесу екі аймақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуға бағытталған әрекет және әлемдік экономикаға бірлесе отырып ықпалдасудың белгісі.
Оның берген мәліметтері бойынша, Маңғыстау облысы мен Грузия арасындағы тауар айналымы өткен 2007 жылы $33,5 млн құрады, соның ішінде экспорт көлемі - $32,3 млн, ал импорт $1,2 млн жетті.
"Бұл екі аймақтық ынтымақтастығының қарқынды дамуының дәлелі ", - деп атап өтті Д. Әділханов.
Қол қойылған меморандум бойынша екі аймақ сауда -экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалары бағытында ықпалдасады.