Грузияның бұрынғы президенті 13 шілде күні жерленеді


Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Марина Давиташвили хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Қоштасу рәсімі үшін экс-президенттің мүрдесі 11 шілде күні қала орталығындағы кафедралдық соборға жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілде күні Грузияның бұрынғы басшысы Эдуард Шеварднадзе 86 жасында Тбилисиде қайтыс болды.