"Біз хабар таратуды уақытша тоқтатамыз. Осылайша біз өзімізді саяси ойындарға араласпауды дұрыс көріп отырмыз. Бұл ісімізді қызметкерлерді қорқытуға ұялмаған мемлекет басшылығы мен арна қызметкерлерін қиын жағдайға қалдырған сайлау науқаны алдындағы арна қожайыны атымен байланысты шыққан шуға көрсеткен біздің қарсылығымыз деп біліңіздер", - деп мәлімдеді Г. Таргамадзе.
Г. Таргамадзе сайлау алды науқанында арна қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері билік тарапынан қысым көргендігін атап көрсетті. Ол қызметкерлерге қысым соңғы күндері ушыққан арна негізін қалаған, Грузия президенттігіне үміткер Бадри Патаркацишвилиге қарсы жасалған "компроматтар соғысы" кезінде тіпті күшейген. Арна өз қызметін тек қожайыны ауысқан соң ғана қайта жалғастырмақ.
Грузия премьері Ладо Гургенидзе бейсенбі күні тілшілерге "Имеди" арнасының хабар таратуының тезірек қалпына келгендігін қалайтынын жеткізді.
"Қайта қалпына келу мәселесін арна негізін қалаушы мен оның қызметкерлері шешуі тиіс. "Имеди" қанша дегенмен эфирге шығады деп үміттенемін. Бірақ, қандай форматта және қашан шығатынын білмеймін", - деді Гургенидзе.
Грузия оппозициясының өкілдері тілшілермен жүргізген әңгімеде арнаның жабылуы, бірінші кезекте, арнаның тілшілер ұжымына билік тарапынан жасалған қысыммен байланыстырып отыр. Консервативтік партияның өкілі Кахи Кукаваның айтуынша, "Имеди" арнасының хабар таратуды тоқтатуы Саакашвили штабында ойлап табылған жоспардың бір бөлігі болып табылады.
Бадри Патаркацишвилидің сайлау штабының жетекшісі, Грузияның қайтыс болған премьер-министрі Зураб Жванияның ағасы - Гога Жвания да тілшілерге хабар таратуды тоқтату билік тарапынан жасалған қысыммен байланысты және ол қысымға тілшілер төзе алмаған, деп мәлімдеді. Г. Жванияның айтуынша, қазіргі билік - "барлық күш-құралдарды пайдалана отырып, өз билігін сақтап қалуды ғана ойлаған зорлықшылар тобы".
Грузия президенттігіне үміткер Леван Гачечиладзе бейсенбі күні "Имеди" арнасының жабылуы М. Саакашвили мен Б. Патаркацишвилидің Грузияға қарсы саяси ойынының бар екендігін дәлелдейді, - деп мәлімдеді.
"Біз бұл лас ойынның құқықтық тұрғыға ауысқанын және бұл ойын халықаралық деңгейде тергелгенін қалаймыз. Бұл ойын сайлаудың беделін түсіру үшін, ақпарат құралдарының беделін түсіру үшін және "Имеди" арнасын жабу үшін жүргізіліп отыр", - деп мәлімдеді Л.Гачечиладзе.
Өз кезегінде президенттікке үміткер Б. Патаркацишвили "Имеди" арнасы тілшілерге қатысты қорқыту мен бопсалаулар нәтижесінде хабар таратуын тоқтатты, деген мәлімдеме таратты.
Естеріңізге сала кетейік, Грузияда 5-қаңтарда президент сайлауы өтеді. Оған жеті кандидат қатысады. Грузиядағы саяси жағдай Б. Патаркацишвили мен М. Саакашвили жақтастары арасында бейне және дыбыстық компроматтардың кескілескен ұрыстарынан кейін жағдай шиеленісіп кетті.
"Компроматтар соғысын" Б. Патаркацишвили бастаған. Ол Грузия билігін өзіне қарсы жасалған қастандыққа кінәлап, өз сөздерін дәлелдейтін дыбыстық және бейне жазбалар таратқан. Оған жауап ретінде Бас прокуратура Б. Патаркацишвили мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға дайындалған және оны іске асыру үшін 100 млн АҚШ долларына Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі Ираклий Кодуаны ол кейіннен ішкі істер министрін тұтқындауы үшін өз жағына тартпақшы болды деген бірқатар дыбыс және бейне жазбаларды таратқан.
Өз кезегінде, Б. Патаркацишвили биліктің айтқанын жоққа шығарып, Ираклий Кодуаның өзі кәсіпкерге белгілі көлемдегі ақшаға сайлауды бұрмалауды жоспарлап отырған қазіргі билікті әшкерелеуді және Ішкі істер министрін тұтқындауды ұсынған.
Тараптар ұсынған дыбыс және бейне жазбаларды бірнеше күн бойы елдің бүкіл телеарналары көрсеткен.