Гуанчжоуда ел намысын абыроймен қорғап, олжа салғандар қатарында батысқазақстандықтар да бар


БҚО-дан жазғы Азия ойындарына барлығы 15 спортшы қатысса, соның біразы жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Сана Жарылғасова (волейбол), Гузель Манюрова (еркін күрес), Айнұр Керей (үйлесімді жүзу) қола жүлдегер атанса, байдарка мен каноэдан Алексей Дергунов күміс медальды еншіледі. Ал Орал боксының түлегі, қазіргі кезде Астана қаласында тұратын Данияр Елеусінов алтыннан алқа тақты.