Гуанчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында ескек есуден командалық жарыста қазақстандық спортшы қыздар қола медальді жеңіп алды

Мария Филимонова, Екатерина Артемьева, Светлана Германович және Оксана Назаровадан құралған қазақстандық төрттік бәйгеде бірінші және екінші орындарды алған қытайлық және кореялық спортшылардан кейінгі үшінші орынға шықты.

18 қарашадағы жағдайы бойынша 16-шы Азия ойындарына қатысып жатқан елдердің жалпы есебі бойынша, Қазақстан 20 медальға - екі алтын, алты күміс және он екі қола жүлдеге ие болды. Қытай құрамасында 181 медаль, соның ішінде 105 алтын медаль бар. Екінші орында Оңтүстік Корея (88-29), үшінші орында Жапония (97-18) елдері тұр.