Гуанчжоудағы Азиадада гимнасшы Анна Алябьева Қазақстанның құрамасы үшін он алтыншы алтынды жеңіп алды

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар ескек есу сайысында құраманың қоржынына екі күміс пен екі қола медаль әкелді. Осы спорт түрінен жеке сайыстарда Александр Дьячук пен Наталья Сергеева үздік болды.

Медаль саны бойынша Қазақстан 5 орында келеді. Қазір оның қоржынында 70 марапат бар, олар: 16 алтын, 20 күміс пен 34 қола медаль.