Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан 7-ші орынға көтерілді, төртінші алтын медальды ауыр атлет Светлана Подобедова жеңіп алды

Қытайлық ауыр атлет Цао Лэйден 22 келі артық салмақ көтеріп, 287 келі салмақты бағындырған Светлана Подобедова бірінші орынға ие болды. Қазақстанның тағы бір спортшысы Татьяна Хромова 250 келі салмақты көтеріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сол күні суда жүзуші жерлестеріміз 4х100 метр эстафеталық жарыста командалық есеп бойынша Жапония және Оңтүстік Корея құрамаларына жол беріп, қола медальға ие болды.

Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 7-ші орынға шықты. Ел құрамасының қоржынынада 26 медаль бар, оның төртеуі алтын, жетеуі күміс және 15-і қола жүлде. 203 медаль, соның ішінде 109 алтын медаль алған Қытай елі алда келеді. Оңтүстік Корея (109-37) екінші орында, Жапония (106-21) үшінші орында тұр.