Гуанчжоудағы XVI Азия ойындарында оқ ату сайысы бойынша қазақстандық мерген Ольга Довгун күміс медальды иеленді


Қорытындысында Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге үш күміс және жеті қола медаль бар. Жүлделік есеп бойынша Қазақстан екі сатыға жоғарлап, 8 орынға шықты. Қытай құрамасы алда келеді, олардың есебінде 70 жүлде, оның ішінде 40 алтын медаль бар. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея мен Жапония елдері тұр.