"Гүлнар Тур" басшысы жалған құжатпен Қазақстан аумағынан кетіп қалғанға ұқсайды

туроператорының басшысы жалған құжаттармен Қазақстаннан кетіп қалуы мүмкін.

«Компания басшысы байланысқа шықпай отыр. Расталмаған мәліметке сәйкес, ол жалған құжатпен Қазақстан аумағынан кетіп қалған», - делінген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

ҰКП мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде бас прокуратура «Гүлнар Тур» туроператорын тексеруге рұқсат берді. Индустрия министрлігінің туризм индустриясы комитетінің мәліметі бойынша, бұл тексеру он күнге жуық уақыт жүргізіледі. Содан кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі.

Түркияға жолдаманы «Гүлнар Турдан» сатып алған мыңнан астам отандасымыз елге оралды.

Көлік және коммуникация министрлігі Жеңіс Қасымбек жеке блогында қойылған сауалдардың біріне: «Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік органдармен және Қазақстан мен Түркияның әуе компанияларымен бірлесе отырып, жолдаманы «Гүлнар Тур» компаниясы арқылы сатып алған қазақстандық жолаушыларды елге жеткізу бағытында жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда мыңнан астам адам елге оралды», - деп жауап берді.

Түркиядан оралуға көмектесуді сұрап, мемлекеттік органдарға хабарласатын отандастарымыздың легі мұнымен шектелмейтін көрінеді.

Осы орайда Ж.Қасымбек қазақстандықтарға тұрақты әуе рейстерін пайдалануға кеңес берді. «Эйр Астана», «СКАТ», «Түрік әуе желілері», «Пегасус», «Атлас Джет» әуе компанияларының Қазақстан мен Түркия арасында тұрақты әуе рейстері бар. Олардың билеттерін сатып алу қиындық тудырмайды», - дейді министр.

ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы баспасөз мәслихаты барысындағы мәліметтерде хабарланды.


«Қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің ақпараты бойынша аталған тексеру 10 күннен аспайды. Тексеруден кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі», - делінген палата мәліметінде.

Белгілі болғандай, компанияның басшылары қазіргі кезде байланысқа шықпай отырған көрінеді.

Сонымен қатар әуе тасымалдаудан бөлек, тамыз-қыркүйек айларына туристік пакеттер бойынша Түркиядағы қонақүйлерде туроператор тарапынан төленбеу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Алайда, туристік агенттіктер барлық төлемдерді «Гүлнәр-турға» толық көлемде жүзеге асырған.

 «Гүлнәр-тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асты.