"Гүлнар Тур" туроператорының үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

28 зардап шегушінің арызы бойынша 177-бапқа сәйкес (ірі мөлшердегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды, делінген Алматы прокуратурасының бүгінгі хабарламасында.

Алдын ала келген шығын 6 млн теңге деп бағалануда.

Осы қылмысты тексеру барысы прокуратура органдарының қадағалауында.