Гүлзира Айдарбекова: Нұрекеңе сол күндер қайта келсе маған тиер ме едің дегеніне “Жоқ” деп қоямын!


Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ескі суреттерді оқта-текте қарап қоясыздар ма? Осы суреттерді бөлек титтей сандықшаға бөлек салып қойыппын. Не деген зымырап жатқан уақыт десеңізші. Әрбір күнің тарих демекші, бір күніміз түгілі бір сағатымыз қайта келмейді, әр күніміз өз ерекшелігімен.Кейде жолдасым сұрап қояды, сол күндер қайта келсе маған тиер ма едің деп, мен Нүрекең қайтер екен деп “жоқ та” деп қоямын. Сөйтсем: онда сен Қайратты тумайтын едің ғой дейді Халықтың алдыңда жүрген соң, қалай жүрсе де, қалай сөйлесе де дауы да, жауы да, тіптен ештеңеге қарамастан өзінің бар болмысымен қабылдап қатты жақсы көретін адамдары да көп. Сол себепті менің қатты алаңдайтынымды біледі ғой. Мен де қалыспай, сен ше уақытты қайта артқа айналдырса кімге үйленуші едің десем, ойланбастан сені алушы едім дейді. Алла мені сенен сәл бұрын алсын, кейінге қалып қор болмайын деп ер азамат болғасын қарт шағын да ойлап қояды, ешкімге күнімді салмасын деп. Адам жасы келген сайын бір-біріне бауыр басып, оның үстіне балалар ортақ, уайым мен қуанышың, ақылдасатын тіршілік пен тірліктерің, ағайын мен достарың бәрі ортақ болған соң, ерлі-зайыптының өмірі де ортақ болып кетеді екен ғой. 5 күн жалғанда ит пен мысықша ырылдаспай, бір-бірімізді қадірлеп, ұрпағымыз аман болып, абыроймен бір жастықта қартаюды, Алла өзіме де, барша оқырмандарыма да жазсын", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.