Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Желідегі парақшасында продюсер ханым спортпен шұғылданып жүрген видеосын жариялады. Гулзира ханымның айтуы бойынша, немерелерін әлем мойындайтын жұлдыз етпекші.
"Бүгінгі күннен...
68- дер қайдааа? Барша аналар! Қартайдым демеңіздер, елуді міне еңсердік, әлі ұрпағымыз үшін тау қопаратын күш керек. Ол-ол ма, немерелерді әлем мойындайтын деңгейге жеткізіп, шөбере бағып, шөпшектің алақанынан май жалауымыз керек. Так что, мықты болыңыздар. Мықты болу үшін жан-жақты болуға тиістіміз! Бәрін өзімізден бастайық!", деп жазды желідегі парақшасында.
Дегенмен, оқырмандары қолдап, ақ-тілектерін жаудырды.
"Бұл жаста намаз оқып отырмайсыз ба?" деген оқырманына, "намазды жария етпеймін. Ол жеке басымның шаруасы" деп жауап қайырды продюсер.
Айдарбекованың келіні Жұлдыз Әбдікерімова "Қарантин ұнап жатыр. Ұзағынан болса екен" деп халықты шулатқан болатын. Бірақ, келіні тек отбасының қасының, ер азаматының күнделікті өмірде жанында жүргені туралы айтқысы келген болар деп, түсініп те қараған абзал.