Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен осы уақытқа дейін стилистпен жұмыс жасап көрмегенмін. Бірақ бір рет көрдім, осы жақын арада. Маған қатты ұнады. Мен ойлайтынмын, негізі мен өзіме жарасатын нәрсені өзім білемін, біреудің ойындағыны кие алмаймын ғой деген сияқты. Өйткені, небір бренд, небір ипморт киімдердің барлығы қолымнан өткен адаммын ғой. Бірақ бәрібір де, білімі болғаннан кейін олардың көзқарасы мүлде басқа екен. Сіздің ойыңыздың, талғамыңыздың барлығын өзгертіп тастағанда өзіңізге қалай ұнағанын байқамай қалады екенсің", - дейді ол.
Желі қолданушылары продюсердің бұл жаңалығына түрлі пікірлерін жазуда.
"Кеілінмен жарысып бұл да", "Жырбыңдамашы Гүлзира, бесишь уже. Үстіңе бензин құйып өртеп жібергім кеп тұр", "Жыртыл қазақ, жыртыл", "Тамаша", "Стилистке бару үшін артық ақшаң, артық киімің болу керек шығар", "Алпыстан асқан кемпір бәрібір қыздай болмайды", - деп жазды олар.