Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің факультет деканы елімізде мұрагерлік салық енгізуді ұсынады

М.Сәрсенбаевтың айтуынша, кейбір елдерде мұрагерлік салық мөлшері 65-70 процентке дейін жетеді. "Әсіреқызылдыққа салынуға әрине , болмайды. Бірақ, мұрагерлік құқыққа ие болған сәтте мұрагерлерден бар болғаны 20-30 процент көлемінде салық алу дұрыс деп санаймын",- дейді М.Сәрсенбаев.

Оның пікірінше, бұл - "елдің байлығы есебінен мұрагерлікті рәсімдейтін миллионерлер мен олигархтардан жарым-жартылай болса да қаржыны қайтарып алуға" мүмкіндік береді. "Онсыз мемлекеттің қоржыны құралақан қалып отыр",- деп пайымдайды декан.
Ал деканның өзінде мұраға қалған мүкәмалы бар - жоқтығы тұрғысында ақпарат жоқ.