Гватемалада майя бақсылары ақырзаманды қарсылауды бастады

Көптеген адамдар бұл күні ақырзаман болады деп жүр. Гватемалада тұратын ежелгі майя, гарифуна, шинка халықтарының өкіметі ұлы кеңесінің хатшысы Альберто Маррокинаның айтуынша, бұл күн майя мәдениетінің жаңа таң шапағын білдіреді. Ел аумағында 20 қасиетті орындар тазартылады.

Абыздар бүкіл адамдарды зікір салуға шақырды. Олардың айтуынша, осылай ғана жер-ананы сақтап, Ғаламшарда өмірі сүріп жатқан адамдар арасында бауырластыққа жетуге болады.

Гватемала әкімшілігі елде майя күнтізбесі циклінің аяқталуын және жаңа дәуір басталуын мерекелеуге кемінде 200 мың турист келеді деп топшылауда. Осы күнге дейінгі бір апта бұрын археологиялық аймақтарда түнейтін жер табу мүмкін болмады.

Майя күнтізбесіне сәйкес 2012 жылғы 21 желтоқсанда біздің жыл санауымызға дейін 3 мың жыл бұрын басталған ұзаққа созылған цикл аяқталады. Осы күні күнтізбе үзілген, бұған қарап адамдардың көпшілігі үндістер осылайша ақырзаман болатынын білдірді деп ойлаған. Көптеген ғалымдар болжамдарда ақырзаман туралы ешқандай сөз болмағанын мәлімдейді.