Гвинеяда Эбола безгегіне қарсы дәрілер сақталған қойма өртеніп кетті

Бұл қоймада басқа да ауруларға қарсы дәрілер де болған. Эболаға қарсы  күрес басқармасының басшысы доктор Муса Конатенің айтуынша, дәрілер толықтай жанып кеткен, өрт сөндірушілер жақын орналасқан қойманы ғана өрттен арашалап үлгерген. Онда безгекпен күресуге қажетті керек-жарақтар мен киімдер сақталған.

Айта кетейік, Эбола безгегінен  соңғы мәлімет бойынша 7 мыңға жуық адам көз жұмған.