Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Торонтода өткен Rogers Cup турнирінде өте тамаша өнер көрсеткен Г.Воскобоева жаңартылған WTA рейтингінде бірден 48 бағанға көтерілді және Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингісінде 87 орынға тұрақтады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француздық Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын. Екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған-ды. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сәт те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2. Ал қазақстандық теннисші үшінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 5-ші ракеткасы Марина Шарпованы 6:3, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Өкінішке орай, ширек финалдық ойында ол беларусь теннисшісі Виктория Азаренкоға 6:1, 6:2 есебімен есе жіберген еді.