Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Кез келген өнер адамы жаңалығының алдында ХАЙП жасап шулатайық деген ПЛАНЫ тұрады. Соның құрбаны боп қалмайық! Еңбекақы мен женская солидарность дегенді қоя тұрайық! Дау шыққалы берi ойладым да.
Жағдай мынандай сияқты:
Бұл келiсiлген болуы мүмкiн. Қуат тек студияда отыратын адам. Баянсұлу 3 айдан берi мүлдем жаңалық шығарған жоқ. Бiрiншi продюсерiмен 2 ай бұрын қош айтысқан. Екiншi продюсерi (әйел кiсi деседi) онымен де жұмыс жасаса алмапты.
Демек, бiраз демалыстан кейiн өзiн қолға алып шоу-бизнесқа жаңалықпен ғана кiру керегiн түсiнген сияқты. Соған орай Кавер шоудың 1-шi шығарылымы Баянсұлу қатысуымен шықты. Әйтпесе, 16-18 шығарылым түсiрген. Неге дәл 1-шi шығарылымға Баянсұлудың қатысуын қойған? Кавер шоудың осы маусымына мен де қатысқанмын. Маған қызық боп тұрғаны, Неге мына Хайп пен Кавер шоудың бiрiншi шығарылымы Баянсұлумен сәйкес кеп қалды? Келесi 2-шi шығарылым менiң қатысуыммен шықса онда таң қалмаймын”, - деп жазды әзілкеш.
Естеріңізге сала кетейік, Bayansulu лақап атымен танымал әнші Баянсұлу Сағындықованың репертуарындағы бірнеше танымал әннің авторы композитор Қуат Әбіл өзіне тиесілі еңбектер үшін қаламақы төленбегенін айтып, көпшілікке үндеу жасаған еді.