Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Шешем үстімнен арыз түсірді. Бүгін сағат кешкі 18:00-де үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне алып кетті", - деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол көпшіліктен көмек сұрады.
"Мені тұтқындады. Анам үстімнен арыз түсірді. Өтінемін, бәрі әділетті түрде өткенін қалаймын. Халқым, өтінемін көмектесіңдерші", - деп жазды блогер.
Естеріңізге сала кетейік, блогер әкесінің зорлағанын айтып ал оның көмекшісі болған Ақмарал есімді әйел оның айтқанын жоққа шығарған еді.
«Қай жері көгерген? Ол өз-өзін көгертуі мүмкін. Әкесі зорламаған. Ол үйінің бір қызы болғандықтан тіпті үйін де жинатпаған, оны мәпелеп ұстаған. Қайдағы зорлау», — деп айтқан еді әйел.