"Халық Арена", "Алматы Арена" және бірқатар ірі нысан мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мысалы, Алматыда бұрын мемлекет-жекеменшік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған "Халық Арена" мен "Алматы Арена" нысандары (жер учаскелерінің ауданы - 15,9042 га, үй-жайлардың ауданы - 136 112,7 ш.м) коммуналдық меншікке қайтарылды.

Сонымен қатар, Атырау облысында "Мұз сарайы" (ауданы - 6 мың шаршы метр) спорт нысаны коммуналдық меншікке қайтарылды, ол 2018 жылы "Байбарыс-Атырау" хоккей клубын басқаратын жеке кәсіпкерге негізсіз берілген.

"Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңын қамтитын стадион мемлекеттік меншікке қайтарылды. Шымкентте 7 жыл бұрын 128 млн теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің үлесі (67%) де мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді Биғайдаров.