"Халық билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, мұның қолында елу билет": "Қайрат-Реал" билеттерін жарты миллионға сатқан Нұрлан Еспановтың ұлы тағы да елді шулатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

"Қаншама жанкүйер «Қайрат-Реал» матчына билет таппай зар илеп жүрсе, Нұрлан Еспановтың ұлы билеттерді ашықтан-ашық сатып, бизнес жасап отыр. Бағасы - 1600 доллар!

Халық бір билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, ал бұл адамның қолында елудей билет. 
Сұрақ - қалай⁉️

Бір адамға 3-тен артық билет сатылмайды деген уәде қайда? Тағы да баяғы таныстық, сыбайлас қамқорлық па? 

Әкесінің құнына саудалап, алыпсатарлықпен айналысудан осындай ел алдындағы азаматтар ұялса нетті!!!", - деп жазды журналист.