Халық Кеңесі қандай мәселелермен айналысатыны белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Халық Кеңесі кейбір мәселелер бойынша Кұрылтайдың рөлін өз мойнына алады.

"Қазіргі Ұлттық Құрылтай сияқты, Халық Кеңесі де ұзақ мерзімді мәселелерге назар аударады, 50–100 жылға дейінгі жоспарларды қарастырады. Ол орта мерзімді мәселелерге тікелей әсер етпейді, бірақ бұл бағытталған стратегиялық мақсатқа жетуге қызмет ететін орган. Сонымен қатар, Халық Кеңесі өзіне маңызды және өзекті мәселелерді жинақтап, талқылайтын болады", — деді Мұрат Әбенов.