Халықтың әл-ауқаты төмендеп барады: Оның себептері мен шешу жолдары бар ма?

Неге жалақы бағалардың өсіміне ілесе алмай келеді? Мемлекет жағдайды жақсарту үшін не шара қабылдап жатыр? Сарапшылардың ұсынысы бар ма? Caravan.kz медиа порталының тілшісі саралап көрді. 

Бар тапқанын азық-түлікке жұмсайтын халық 

Finprom.kz порталында жарияланған статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың әл-ауқаты расымен төмендеуде. Мұндай жағдай жұмыс істейтін азаматтардың нақты кірістерінің қысқаруымен ғана емес, азық-түлікке жұмсалатын шығыстардың өсуімен де расталып отыр. 

Мысалы, өткен жылдың үшінші тоқсанында азық-түлікке жұмсалған шығыстардың үлесі барлық тұтыну шығыстарының 57,2%-ын құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып отыр. Салыстыру үшін, дамыған елдерде бұл көрсеткіш әдетте 10–15% аралығында болады. Кейбір өңірлерде 2025 жылғы маусым–қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 66% жеткен.

«Бұл дегеніміз бағалардың өсімін жалақы көлемі қуып жете алмай жатыр. Экономика министрі айтып өтті, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге сұраныс көп, және олардың бағасы да шарықтап барады. Дәл осы азық-түлік түрлеріне деген сұраныс кез келген уақытта және жағдайда бола береді. Мысалы нанды адамдар күнде тұтынады, оның бағасы 80 болса да алды, қазір 250 болса да алады. Сондықтан бірінші кезекте ұсынысты көбейту керек, халыққа таңдау беру керек», - дейді экономист Арман Бейсембаев. 

Азық-түлікке жұмсалатын шығыстардың жоғары болуы маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш болып табылады. 200 жыл бұрын бұл туралы неміс статистигі Эрнст Энгель айтып кеткен. 

Оқи отырыңыз: "Тамақ үшін жұмыс істейтін халық": Энгель заңы Қазақстанда неге жұмыс істемейді?

«Егер бір отбасы бюджетінің үлкен бөлігі азық-түлікке кетсе, онда оның әл-ауқаты төмен. Керісінше, егер азық-түлікке жұмсалатын шығыстар азайса, адам ұзақ мерзімді тауарларға, қызметтерге және ойын-сауыққа көп ақша жұмсай бастайды». 

Экономистің айтуынша, экономикалық өсім болған күнде де, инфляция бұл өсімді жеп жатыр. 

«Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының өсуі халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді: номиналды жалақы өссе де, нақты сатып алу қабілеті төмендеуі мүмкін. Мысалы, жылдық 12% инфляция кезінде жалақының 10% өсуі нақты кірісті 2% төмендетеді», - дейді сарапшы. 

Сатып алу қабілетінің төмендеуіне қарамастан парадоксалды жағдай байқалып отырғанын айта кеткен жөн. Мысалы, халық белсенді түрде тұтынушылық несиелер, ипотека, автонесиелер алып жатыр. Кафе мен мейрамханалар адамдарға лық толы. Қымбат телефондар мен концерттерге де барып жүр. Мысалы, Дженнифер Лопестің концертіне бару үшін кейбір адамдар көлігін сатып 1,5 млн теңге тұратын билет алған. 

«Қоғамда бәрі керемет болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде халықтың 80%-ы кірістерінің 50–60%-ын азық-түлікке жұмсайды. Белсенді сатып алу тек халықтың 15%-ында байқалады», - деп түсіндіреді экономист. 

Осылайша, жоғары экономикалық өсім көпшіліктің әл-ауқатына емес, шағын топтың тұтыну белсенділігіне шоғырланады.

Басқа елдермен салыстыру

Қазақстандағы жағдайды көрші елдермен және дамыған елдермен салыстыру маңызды:

Сондықтан Қазақстандағы азық-түлікке жұмсалатын шығыстың үлесі кедей Африка елдері деңгейіне жақын, дегенмен көршілерге қарағанда жағдай сәл жақсырақ.

Мемлекеттік шаралар және экономикалық саясат

Мемлекет жағдайды тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бірнеше шара қолдануда:

«Мемлекет қаржы ресурстарын нақты секторға бағыттауға тырысады, бұл кәсіпорындарға өндірісті жаңарту, кеңейту, жалақыны көтеру және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті экономист.

Оқи отырыңыз: Экономиканың нақты секторына 8 трлн теңге бөлінеді

Банктік жүйенің проблемалары

Сарапшының айтуынша, елдегі банктер нақты секторды қаржыландыруға қызықпайды. Олар негізінен тұтынушылық несиелерге бағытталған және нақты өндіріс секторын қаржыландыруға бейім емес. Бұл бірнеше проблеманы тудырады:

«Банктер тұтынушылық несиелерге ауысып кеткен, осылайша адамдарды қарызға батырып, нақты секторды тіпті ұмытқан. Бұл инфляциялық спиральды күшейтіп, халықтың кірісін төмендетеді», - дейді экономист.

Шешу жолдары

Жағдайды жақсарту үшін келесі қадамдар қажет дейді мамандар: 

1. Несие және инвестицияларды нақты өндіріс секторына бағыттау.

2. Бизнесті өндірісті кеңейтуге және жалақыны көтеруге ынталандыру.

3. Әлеуметтік маңызды өнімдер бойынша сұраныс пен ұсынысты теңестіру.

4. Салық жүйесін кірістерді қайта бөлу үшін күшейту.

«Мемлекеттік органдар, банктер және бизнес күштерін біріктіру керек. Егер тізбектің бір бөлігі өз міндетін орындамаса, бүкіл механизм бұзылады. Бұл қиын, бірақ шешілетін мәселе», - деп атап өтті эксперт.

Президент мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерін сынға алып, жағдайды қысқа мерзімде түзетуге тапсырма бергенін атап өтейік. 

Үкіметке арналған шектеулі уақыт

Қазір үкіметтің уақыты шектеулі. Жаңа конституция қабылданып, жаңа Мәжіліс сайланғаннан кейін ағымдағы атқарушы билік өкілеттілігін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан үкімет халықтың әл-ауқатын тез арттыру нәтижесін көрсетуі қажет, әйтпесе жаңа құрылымдық өзгерістер мәселені күрделендіруі мүмкін.