Обал... деп жазды белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мысалы дәл қазір Ақтауда, Каспий жағасында, дәл біз демалып жүрген жағалауда бір түйір жәндік жоқ, - не маса, не шіркей, не шегіртке, не шыбын көрмейсің.
Неге олай деп ойлап-ойлап, оның жауабын тапқан сияқтымын: бұл жерге, негізінен, қалталылар, байлар келіп демалады, бұл маңайға ақша миллиондап құйылып жатыр, әрбір клиент маңызды, жарнамаға селкеу түспеуі тиіс... сондықтан әр маса, әр шыбын, әр шіркей, әр шегірткені жеке-жеке қуып жүріп уласа да, қолмен қуса да - бұл маң ондай шыбын-шіркейден ада болуы шарт...
Ал егістік алқаптар... олар кедейлердікі... олардың егіні таланбақ түгіл, өздері таланса да бәрібір. Олардың еккен егінін, жеміс-жидегін бұлар жемейді, базардан импортныйға заказ беріп алдырады ғой, сондықтан халықтың өзіне де, егініне де жандары ашымайды.... "Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын" деген осы..."